Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Картоп тазалаған сияқты": 10 жыл шашын қимаған жасөспірім шаштаразды таңқалдырды

10 жыл шашын қимаған жасөспірім шаштаразды таңқалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Оуэйн Томас есімді жасөспірім 10 жыл бойы шашын қырқтырмаған. Арада көптеген жылдар өткеннен кейін шашын кесуге шешім қабылдаған ол шаштаразды таңқалдырған. 

Ата-анасының айтуынша 14 жастағы ұлдары серферлер сияқты шашын ұзын қылып өсіргісі келген. Туғандарының сөзіне құлақ аспаған жігіттің шашы өсіп, шатасып қалған. Өйткені, Оуэйн Томас шаштараздардан қорқатын көрінеді. Ол тіпті таныс ұсталарға шаш кескізуден бас тартқан.

Шашын кесуге әрең келіскен Оуэйн Томастың ата-анасы бұл ұлының өзін өзгертуге жасаған ең үлкен қадам деп түсінген. 

"Бұл жауапты қадам. Ол мықты әрі тез шешім қабылдайтын бала", - дейді Оуэйн Томастың әкесі. 

Шаштараз Оуэйн Томастың шашын кесе алмаймын деп ойлаған. Алайда бұл қатты қиын болмағанын айтады ол. Шаштараз бірінші ұйысып қалған шаштарды қырқып алып, артынша іске кіріскен көрінеді.



"Мен мұндай шаштарды бірінші рет көріп тұрмын. Мұндай оқиға алғашқы рет болып тұр. Картоп тазалаған сияқты сезімде болдым", - дейді шаштараз. 

Нәтижесінде Оуэйн Томас пен оның ата-анасы жаңа шаш үлгісіне қатты таңқалған. Жасөспірім шаштараздың шаш күтіміне қатысты кеңестеріне құлақ асқан көрінеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр