Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қартайған сайын ақыл кіреді": Бесбаев әйелімен қарым-қатынасы туралы жеткізді

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев әйелімен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Ережесіз әңгіме» бағдарламасына сілтеме жасап.

Өнер иесі әйелінің қандай қылықтарын, қасиеттерін жақсы көретіндігін ашып айтты. 15 жыл бойы бір шаңырақтың астынада тұрып, нендей жетістікке жеткендерін, қалай өскендерін де жасырмады ол.

"Сабырлылығы, ақылдылығы ұнайды. Отбасы құрғанымызға 15 жыл болды. 15 жылда құдайға шүкір бірге келе жатырмыз. Ыстығы мен суығын мемлекетпен, халықпен бірге көріп келеміз. Отбасылық достар таптық, бала-шағамыз араласады. Бір-бірімізді сыйлау қабілетіміз де өскен сияқты", - дейді Мейрамбек Бесбаев.

Тіпті Мейрамбек Бесбаев пен әйелі екеуінің ара-қатынасы әлдеқайда өзгерген. Бұрынғыдай ұрсысып кету жоқтың қасы дейді өнер иесі. Бесбаевтың айтуынша әйелі жағдайын жасап отырса, ондан артық ештеңе керек емес.

"Басқа деңгейге өттік. Баяғыдағы шат-бұт, төңкеріп, бет көрмейтіндей ұрсысып кету жоқ. Бірақ, ұрсысуымыздың өзі сабырлыққа ауысқан сияқты. Адамға қартайған сайын ақыл кіреді. Бізге не, үйге келгенде қабағы ашық, тамағын дайындап, шайымызды берсе. Кетерде киімімізді үтіктеп қойып, бала-шаға тоқ, тауып келгенімізді ұқсатып отырса болды емес па", - дейді Мейрамбек Бесбаев.

Талқылау