Қарсыласын нокаутпен жеңген Қамшыбек Қоңқабаев Страндж кубогында Токио Олимпиадасының чемпионымен жұдырықтасады
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Страндж кубогындағы келесі қарсыласы анықталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасында қола медаль жеңген еді. Енді отандасымыз кіші әлем чемпионатында 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Өзбекстан боксшысы, Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловпен жұдырықтасады.
¼ финалдың жекпе-жегі 23 ақпанда кешкі сессия аясында өтеді.
Бұған дейін Қоңқабаев нидерландтық қарсыласы Стэн Бертенсті екінші раундта нокаутпен жеңген еді. Ал Джалолов америкалық Джошуа Эдвардстан басым түсті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

