"Құдайға шүкір, Мұхаммед есімді ұлым дүниеге келді": Данияр Елеусінов екінші рет отбасын құрғанын айтты

Жуырда танымал спортшы Данияр Елеусінов кішкене сәбимен түскен суретін бөлісіп, жұрттың назарын өзіне аударған болатын. Көпшілік ол екінші рет отбасын құрды деп болжады. Кейін бұл қауесетті боксшының өзі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Эфир бағдарламасына сілтеме жасап. 

Alt

"Екінші ұлым дүниеге келді. Құдайға шүкір, жанұям бар. Екінші ұлымның есімін пайғамбарымыздың құрметіне арнап "Мұхаммед" деп қойдым. Идея өзімдікі болғанымен, әкемнен рұқсат сұрадым. Жалпы ол кісі мұндай атқа қарсы бола қояды деп ойламаймын. Себебі пайғамбардың есімі - мұсылман қауымы үшін ең күшті ат", - деді спортшы. 

Әрі қарай ол үлкен ұлының екі үйде кезек-кезегімен тәрбиеленіп жатқанын айтты. Бұған экс жұбайымен үйінің бір көшеде орналасуы себеп. 

"Анасы жұмыс жасайтындықтан көбінесе менікінде. Демалыс күндері барып тұрады. Толықтай менің қолымда деп те айтуға болмайды. Себебі, анасы ренжіп қалып жүрер. Анасын өте қатты жақсы көреді. Мен де құрметтеймін, сыйлаймын. Мен шетелде жүргендіктен, қатты сағынады", - деді Данияр Елеусінов. 

Сондай-ақ, ол отанға орала салысымен ұлына көбірек көңіл бөлуге тырысатынын айтып өтті. 

Естеріңізге сала кетсек, жуырда Данияр Елеусіновтің екінші перзентімен түскен суретін жариялағаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған
Çàãðóçêà...