Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда 80 оқушы бір мезетте ауырды: Мамандар себебін айтты

Көкшетаудың жергілікті мектептерінің бірінде оқушылар жаппай вирустық инфекцияға шалдыққаны расталды. Десек те санэпидемиолог мамандар ата-аналарға балаларын мектепке қорықпай жібере беруге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

«Балаларға еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді мамандар. Алайда өткен күндері мектепке 200 бірдей оқушы келмеген көрінеді. Мектеп басшылығы ата-аналардың алаңдаушылығын толықтай түсінетінін жеткізді. Өткен аптада 80-нен астам мектептің төменгі сынып оқушысы мен мектеп мұғалімдері бір уақытта әлсіздікке шалдығып, жүрегі айнып, іштері ауырған көрінеді.

Олар мектеп асханасында бірнәрсе жеп уланды деген ақпарат жоққа шығарылды. Дегенмен сараптама нәтижелері олардың ішек-қуыс инфекциясына шалдыққаны анықталған. Ауруға шалдыққандардың жағдайы жақсаруда.

«Мектепте карантин жарияланбайды. Себебі балалардың, тіпті, 10 пайызы ауруға шалдықпаған», - деді Ақмола облысының тауар сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина.

Талқылау