Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында өзіне қол жұмсаған сарбаз бейнебақылау камерасына түсіп қалды

Қарағанды облысында өзіне қол жұмсаған сарбаздың әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Сол күні күзетте тұрған жігіт бірнеше секундтың ішінде оқталған қаруды тамағына апарып, шүріппені баса салған. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қарағанды облысында өзіне қол жұмсаған сарбаз бейнебақылау камерасына түсіп қалды

“Автомат оның қаруы, пирамидада тұрады. Ол оны қолына ұстамайды, пирамидада тұрады. Бейнебақылауда көрініп тұр. Ол автоматты өзі алады. Өз еркімен. Оқты автоматтың ішіне кіргізеді. Өз-өзін атады. Қасында ешкім болған жоқ, ол жалғыз ғана тұрды. Бекетке ешкім көтеріле алмайды. Қарауылдың бастығы, оның орынбасары. Болды”, – дейді ҚР ҚК Ұлттық Ұлан Гвардиясы қолбасшысының орынбасары Мұхаметқали Сатов.

Ұлттық ұлан қолбасшысының орынбасары болған оқиғаны түсіндіру үшін тілшілерге арнайы келді. Сөзіне қарағанда, сарбаздың суицид жасағанында ешқандай күмән жоқ. Енді марқұмды өзіне өзі қол жұмсауға не итермелуі мүмкін екені тергеу барысында анықталуы тиіс.

Қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүріп, командирлер мен сарбаздардан жауап алынуда. «Өзіне қол жұмсауға итермеледі» деген бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал 20-шы ақпан күні өлі денесі табылған Әліби Сапа осыдан екі ай бұрын ғана әскер қатарына қабылданған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау