Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық шахтада жұмысшы қаза болды

Қарағанды облысының «Қазақстандық» шахтасында жұмысшы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

16 қараша күні белгісіз себептермен Қарағандыдағы «Қазақстандық» қазандық шахтасында жұмыс атқаратын ұста опат болған. Қазандық жердің үстінде орналасқан көрінеді. Қазіргі таңда мемлеткеттік комиссия құрылып, тексеріс жүргізілуде. 

Бұған дейін Шымкентте топырақ үйіндісінің астында қалып кеткен 3 жұмысшы туралы айтылған еді. Олардың екеуі сол жерде қаза болып, біреуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді. 

Талқылау