Қарағандылық кәсіпкерлер бірнеше Беларусь кәсіпорындарымен келісімге қол қойды
Беларусь кәсіпорындары Қарағанды облысымен тығыз жұмыс істеуге ниетті. Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту үшін Қарағандыға Гомельден делегация келді. В2В форматындағы бизнес-кездесу Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
“Қарағанды облысы халықаралық серіктестікті белсенді дамытуда. Беларусь біз үшін ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарының бірі. Біз тамақ өнеркәсібі, машина жасау, химия және агроиндустрия салаларындағы бірлескен жобаларға шынайы қызығушылықты көріп отырмыз, – деді Қарағанды облысының Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Асқар Ғазалиев.
Беларусь тарапынан Гомель облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Ксения Пантюхова сөз сөйледі.
“Қарағанды бізді өнеркәсіптік және инвестициялық тартымды өңір ретінде таң қалдырды. Бүгін басталған диалог нақты келісімшарттар мен өзара тиімді бастамаларға алып келетініне сенімдімін”, – деп атап өтті делегация өкілі.
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
Беларусь делегациясының құрамына мынадай ірі кәсіпорындардың басшылары кірді:
- “Гомсельмаш";
- "Гомель химия зауыты";
- "Спартак";
- "Гомель ет-сүт компаниясы" және т.б.
Келіссөздер нәтижесінде бірқатар келісімдерге, коммерциялық шарттар мен ниеттер туралы хаттамаларға қол қойылды. Атап айтқанда, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы мен БелАКП Гомель бөлімшесі келісімге қол қойды. "Гомель-Ратон" АЭА мен "Сарыарқа" АЭА өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
"Үш сағат істейтінді бізде он минутта бітіреді": Германиядағы қазақ дәрігері сүндеттеу ісінде Қазақстан қалай алға кеткенін айтып берді