Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда сыныптасын шапалақпен ұрған 16 жастағы қызға сот шешім шығарды

Қарағандыда сыныптасының бетінен шапалақпен ұрған оқушы ісі бойынша әкімшілік сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Е-Karaganda-ға сілтеме жасап. 

Дерекке сүйенсек, оқиға сәуір айында болған. Сотта 16 жастағы қыз өз кінәсін мойындаған. Іс әкімшілік кодекстің 73-1 бабы “Қасақана денаулыққа жеңіл түрде зиян келтіру” бойынша қаралды. Сот қыздың кәмелет жасқа толмағанын және мұндай әрекетті бірінші рет жасауына байланысты оқушыны жауапкершіліктен босатты.

Кейіннен бұл жағдайды айыпталушы қыздың адвокаты түсіндіріп берген. Сөзінше 16 жастағы оқушы керісінше топ қыздан таяқ жеген. 

“22 сәуір күні қорғауымдағы қызды сыныптастары келісе алмай қалған мәселе үшін үйге шақырған. Сол жерде оның намысына тиіп, артық сөздер айтады. Шыдамаған оқушы шақырған қыздың бірін шапалақпен бір ұрған. Сол сәтте қарсы тарап оны жабыла таяқтапты. Салдарынан қорғауымдағы жасөспірім бас ми жарақатын алып, ауруханада емделді. Тіпті оны дәлелдейтін медициналыө анықтама да бар”, - дейді Ибрагим Сәдуақасов. 

Сондай-ақ, ол бұл істі бей-жай қалдырмайтынын, керісінше әлгі қыздардың үстінен арызданатынына тоқталған. Көп ұзамай Қарағанды облыстық полиция департаментінде айыпталушы тараптан арыз түскенін растады. 

Қазіргі уақытта сол шағым бойынша сот-медциниалық сараптама тағайындалып, тергеу жұмыстары басталған. Соның нәтижесі бойынша шешім қабылданбақ. 

Талқылау