Қарағандыда шенеуніктер қала көшелерін жөндеуге бөлінген 2 млрд теңгені ұрлады деген күдікке ілінді
Қарағандыда бірнеше шенеунік 2 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы облыс прокуратурасының сайтында жазылды.

Бұл қаржы қала көшелерін күрделі жөндеуге арнaп бөлінген.
"Қарағанды қаласының Коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғалары нақты орындалмаған жұмыстардың актілеріне қол қойып, бюджет қаражатының ұрлануына жол берген", - делінген прокуратураның мәліметінде.
- Қазақстанның жол саласында миллиардтаған заң бұзушылықтар бойынша ондаған қылмыстық іс қозғалған
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жеті ауыл әкімінен ақша боспалаған
Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған (мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның, оған теңестірілген адамдардың, лауазымды адамның, егер олар өзінің қызметтік жағдайын пайдаланумен ұштасқан болса, аса ірі мөлшерде бөтен мүлікті иемденуі немесе ысырап етуі).
Қылмыстық іс прокуратураның бақылауында.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген