Қарағандыда полиция қызметкері кезекшілік барысында көз жұмды
Қарағандыда полиция қызметкері қызмет атқару кезінде учаскелік полиция пунктінде көз жұмды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полицияның учаскелік пункттерінің бірінде төтенше жағдай орын алды. Сағат 14:40 шамасында жұмыс орнында болған полиция капитаны кенеттен өзін нашар сезінген.
Жағдайға Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Учаскелік полиция инспекторы, капитан Ұлан Маратұлы Имашев кенеттен қайтыс болды.
Дәрігерлердің алдын-ала диагнозы бойынша оның өлімі жүрек жеткіліксіздігінен болды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер кеңесі және жеке құрамы қайтыс болған адамның туыстары мен жақындарына көңіл айтады", – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген