Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда полицейлердің төбелескені рас па? Полиция департаменті жауап берді (видео)

6 маусым күні Қарағандыда екі тұрғын арасында жанжал болды. Куәгерлер төбелесті видеоға түсіріп желіге жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды ​​облысы бойынша ДП баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнында патруль полиция полкінің офицерлері қаланың екі тұрғынын ұстады. Оқиға Октябрь ауданында болды. 

Жағдайды түсіндіру барысында екі ер адамның спиртті ішімдік ішкені анықталды. Оның бірі "ҚТЖ" АҚ қызметкері. Кейінірек осы үйдің 35 жастағы тұрғыны оларға келіп, қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішпеу керек екенін айтады. Бұдан кейін олардың арасындағы жанжал пайда болды. Дау соңы төбелеске айналды. Төбелес кезінде 35 жастағы әйел оларға араша түсті. 

Төбелес салдарынан 35 жастағы тұрғын жедел жәрдем бригадасымен медициналық мекемеге жеткізілді.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің "бұзақылық" бабы бойынша тергеу басталды. Тиісті сараптама тағайындалды, тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ, полиция қызметкерінің төбелеске  қатысқаны туралы ақпарат жалған.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр