Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда өткен "Мықтылар турнирінің" жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда әйелдер боксынан өткен "Мықтылар турнирінің" чемпиондары белгілі болды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу турнирінің финалистері анықталып, финалда жеңіске жеткен спортшылар белгілі болды. 48 келіде Әйгерім Сәттібаева Ақбота Болатты ұтып, чемпион атанса, 50 келіде Алуа Балқыбекова қарсылас шақ келтірмеді. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жазира Орақбаева, 54 келі салмақта Әнел Сақыш топ жарды. 60 келіде Виктория Графееваға тең келер ешкім болмаса, 57 келіде Жамбыл облысының өкілі Виктория Байдукева үздік шықса, 63 келі дейінгі салмақ дәрежесінде қарағандылық Аида Әбікеева, 66 келіде тәжірибелі Милана Сафронова чемпион атанды. 70 келіде ресейлік Ангелина Витова Гаухар Шойбековадан басым түссе, 75 келіде де ресейлік Елена Гапешина Валентина Хальзованы ұтты. Ауыр және аса ауыр салмақта Гүлсая Ержан мен Ельдана Тәліпова жарыс жеңімпазы атанды. 

Айта кетейік, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы баскиімсіз шаршы алаңға шықты. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай баскиім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Талқылау