Қарағандыда науқас дәрігерінің телефонымен “бомба” қойылғаны туралы хабарлаған
Қарағандыда ауруханада жатқан 17 жастағы науқас полицияға қоңырау шалып, қаладағы ғимараттардың бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Полиция аталған ғимаратты және оған іргелес аумақты толығымен тінтіп шықты. Ешқандай жарылғыш заттың жоқ екенін анықтады.
"Тексеру барысында тәртіп сақшылары жалған қоңырау жасалған абоненттік нөмірдің иесін анықтады. Ол медициналық мекеменің қызметкері болып шықты. Әйел телефонын палаталардың біріндегі үстелде қалдырып кеткенін айтты. Мұны пайдаланған жасөспірім бомба туралы хабарлаған”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Талқылау