Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бәрі қарсы болды": Қарағандыда ерлі-зайыпты жаңа туған қызына Дейнерис есімін берген

Қарағандыда ерлі-зайыпты жаңа туған қызына «Тақтар ойыны» танымал телехикаясындағы кейіпкер Дейнеристің есімін берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Instagram желісінде жаңа туған қыздың медициналық картасының көшірмесінің суреті жарияланды. Онда нәрестеге Дейнерис деген есім берілгені көрінеді. 

 

Tengrinews.kz порталының мәліметінше, кішкентай Дейнерис 26 сәуірде дүниеге келген. Ата-анасы перзентіне мұндай ерекше есім қоюды бірнеше жыл бұрын ойға алыпты.

«Күйеуім «Тақтай ойыны» телехикаясын көре бастады. Алайда телехикая маған ұнамайтын. Тек сол есімді естіп, бірден ұнатып қалдым. Артынша мен де сол телехикаяның көре бастадым», - дейді нәрестенің анасы Римма. 

Римманың күйеуі қызына мұндай есім беруді қолдаған. Алайда туыстары қарсы болған.

«Олардың бәрі қарсы болды. Анам қызыма мұндай есім берсем, перзентханаға келмейтінін айтты. Ол дәстүрлі есімдерді жақтайды. Алайда ол – менің перзентім, құрсағымда көтергендіктен, өзім қалағанымды істей аламын. Қазір бәрі көнді. Бастысы қызымыздың денсаулығы екенін түсінді», - дейді Дейнеристің анасы. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр