Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда екі айлық сәбиін далаға тастап кеткен көкек ана іздестірілуде

Қарағандыда анасы екі айлық қызын подъезге тастап кетті. Полиция қызметкерлері көкек әйелді іздеуде,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентті Қарағанды ​​облысы ДП баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

сәби

Қарағанды ​​полиция қызметкерлері 3 наурыз түнгі сағат 00:00-де Майқұдықтағы үйлердің бірінің подъезінен екі айлық қызды тапты. Қазір қыз баланы тастап кеткен әйелді іздеп жатыр.

Сәби 15-ықшамауданнан табылды. Ол көп қабатты үйдегі пәтерлердің бірінің есігінің алдында қалдырылған. Сәбиді көрпеге орап тастап кеткен екен.

"Жергілікті тұрғындар нәресте туралы полицияға хабарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Баланың дені сау, медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің " Қауіпте қалдыру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Талқылау