Қарағандыда дауылдан зардап шеккен баланың туыстары жауаптыларды жазалауды сұрайды
Қарағандыда дауылдан зардап шеккен баланың туыстары жауаптыларды жазалауды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағандыда дауыл ұшырған сегіз жастағы баланың басына күрделі ота жасалды. Сүйегі бірнеше жерден сынған бала спорт үйірмесінен келе жатқан. Ауладағы алаңқайда да көп болмапты. Дем арада күш алған дауыл жабындыны жұлып әкеткенде, ойнап жүрген екі бала қаңбақша ұшып кетті. Оңбай құлаған сегіз жастағы оқушыға бүгін дәрігерлер үш бірдей ота жасады.
Алдымен баланың маңдай сүйегін қалыпқа келтіріп, үстіңгі және астыңғы жақ сүйектерін қайта жинапты. Одан кейін сынған иығына ота жасалған. Ал жарақат алған екінші баланың өміріне қауіп жоқ, ол жалпы палатада. Полиция "қауіпсіздік ережелерін сақтамай қызмет көрсету" бабымен қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
“Осыдан екі-үш апта бұрын газонды салып кетті. Газон мүлдем қоршалған да жоқ. Ешқандай ата- анаға ақпарат берілген де жоқ, "бұл газонда ойнауға болмайды, балаларыңызды жібермеңіздер" деген ақпарат берілген жоқ. Газонды төседі де кетіп қалды, ол газон бекітілмеген. Ол кісілер екі-үш апта бойы қайда болды?! Газонды неге бекітпеген?” – дейді зардап шеккен баланың туысы Мақпал Шәмшиева.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік