Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда дәрігерлер бір жарым жасар қыздың асқазанынан 5 ине алып шықты

Қарағандыда бір жарым жасар қыз бірден 5 инені жұтып қойған. Бұл инелер инемен емдеуде қолданылады екен.

Қарағандыда дәрігерлер бір жарым жасар қыздың асқазанынан 5 ине алып шықты

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сәбидің ата-анасы шашылып жатқан инелерді көріп, қыз баланың мазасызданып кеткенін байқапты. Олар сәбиді ауруханаға алып келгеннен кейін, дәрігерлер шұғыл түрде ота жасады. 

Нәтижесінде хирург қыздың асқазанынан 3 ине, аш ішегінен 2 инені алып шықты.

Бір жарым жасар қызға жасалған ота сәтті өтті. Бүгінде кішкентай пациент үйіне жіберілді.

Бала тәрбиесі: Балаға айтуға болмайтын 10 сөз >>>

Атап өтілгендей, биылғы жылы дәрігерлер балалардың асқазанынан шамамен 50 рет тиын, шеге, жүзік, батарея мен түйреуіш тәрізді заттарды алып шыққан. 

Дәрігерлердің сөзінше, биылғы жылы баланың инені жұтып қоюы жағдайына екінші рет ұшырап отыр. Бұған дейін хирургтер тігін тігіп отырып аңдаусызда ине жұтып қойған 14 жастағы қызға ота жасапты.

Талқылау