Қарағандыда аудан әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды
Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары 1 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің төрағасы Мұрат Төлебаевтың сөзінше, әкім орынбасарымен қоса тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы да қамауға алыныпты.
"Бөлім басшысы делдал қызметін атқарған. Олар кәсіпкерден атқарған қызметтері үшін 500 мың теңге алған. Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр", – деді ол.
Еске салайық, бұған дейін полицейлер “Алтын Орда” базарында сатушылардан ақша бопсалады деген күдікке ілінген еді. 2022 жылы департаментте барлығы 109 сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркеліп, 86 тұлға әшкереленді, оның ішінде сегіз басшы бар.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген