AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда арқанмен 30 метр биіктіктен секіріп мерт болған әйелдің оқиғасы: Сот ісі басталды

Қарағандыда жас әйелдің биіктен секіріп, қаза тапқанына байланысты сот ісі басталды. Былтыр 10 қазанда 33 жастағы Евгения Леонтьева “Созвездие” қонақ үйінің төбесінен секіру кезінде құлаған. Сотталушы ретінде аттракционның инструкторы жауап беруде. Апаттың себебі қауіпсіздік белбеуінің бекітілмеуі болуы мүмкін, дейді сарапшылар. Экстремалды аттракционды ұйымдастырушылар сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

видеодан скриншот

33 жастағы сотталушы Александр Музникас пен оның адвокаты бет-әлпетін көрсеткілері келмеді. Инструктор алты айдан бері тергеу изоляторында. Ол өзін кінәлі деп санамайды. "Fly-Қазақстан" компаниясының директорлары әлі табылмаған.

10 қазанда Александр Музникас секірушілерге арналған құрал-жабдықты марқұмға киігізіп, секіруге дайындап отырған. Қайтыс болған Евгения Леонтьева экстримді жақсы көрген. 4 қазанда туған күніне құрбысы оған роуп-джампинг сертификатын сыйлаған.

Аттракцион Қарағандыдағы қонақ үйдің төбесінде, 30 метр биіктікте ұйымдастырылған. Әйел секірген кезде қауіпсіздік белбеуі құлау кезінде бәсеңдемеген. Осылайша, әйел күйеуі мен достарының көз алдында жерге, металл құрылымға құлаған. Көптеген жарақат алған Евгения ауруханада қайтыс болды. Қазір оның жұбайы үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр.

Евгения үшінші рет секірген. Достарының айтуынша, тұрғанда әлденені сезгендей болған.

“Мен: "Кел, белдікті шешіп, маған кигіз. Мен секіремін де, үйге қайтамыз" – деген екен досы Антон Шевелев.

Леонтьева қорқып, бұл жолы секіргісі келмей тұрған.

Сотталушы Леонтьеваға: “Бірінші рет секіріп тұрған жоқсың ғой, қалай екенін білесің. Мен бұл белдікті саған бекер кигіздім бе?" – деген екен.

“Олар іс-әрекеттерін дұрыс үйлестірмеді, төменге қарап, арқанның байланғанына көз жеткізбеген. Тек оған секір деп айтты. Ешкімге мұндайды тілемес едім. Ол тіпті кешірім де сұрамады. Бір-бірімізге қарама-қарсы отырдық. Не ойлап жүргенін білмеймін. Ол 100%-ға кінәлі”, – дейді марқұмның жұбайы, іс бойынша жәбірленуші Александр Ткаченко.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр