Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - сыбайлас жемқорлық көріністері мен құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөледі. Аталмыш жұмыс бағыттарының бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның қызметі болып табылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осы орайда, 2024 жылдың 26 қыркүйегінде облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың қатысуымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтіп, "ұзақ мерзімді құрылыс" объектілерінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың жай-күйі талқыланды.
Отырыс барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының және Қарағанды, Теміртау, Саран қалалары, Ақтоғай, Нұра аудандары әкімдерінің проблемалық объектілердің құрылысы барысы туралы есептері тыңдалды.
Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі жауапты тұлғаларға құрылыс объектілерін аяқтау бойынша нақты шаралар қабылдауға қатысты тиісті тапсырмалар берді.
Тағы бір айта кететін жәйт, инфрақұрылым және әлеуметтік бағыттағы объектілерді ұзақ уақыт салу мәселелері біздің өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасына енгізілген.
Бұған дейін облыс әкімдігімен бірлесіп проблемалық объектілерге мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын.
Жоспарды жүзеге асыру мақсатында еріктілер, қоғам белсенділері және мүдделі уәкілетті органдардың өкілдерімен тиісті мониторинг жұмыстары жүргізілуде.
Мониторинг нәтижелері аталмыш мәселені Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия отырысының күн тәртібіне енгізуге себеп болды.
Проблемалық құрылыс нысандарының мониторингі бойынша жұмыс жалғасуда және Департамент бақылауында.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті