Қарағанды облысында жол бойына 8 тонна күкірт қышқылы төгілді

Қарағанды облысында жол бойына 8 тонна күкірт қышқылы төгілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  облыстың  экология департаментіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті 26 желтоқсан күні сағат 06.00 шамасында шет ауданында, Алматы-Екатеринбург автожолының 912-шақырымында, Қошқарбай ауылынан екі шақырым жерде MAZ маркалы жүк көлігі аударылғанын хабарлады.

Оқиға орнына топырақ сынамаларын алу үшін экология департаментінің мамандары келді.

"Қызметкерлер келгеннен кейін MAZ аударылып кеткені анықталды (сыйымдылығы 30 тонна автоцистерна, жүк-күкірт қышқылы, "Sary-Arka coppers Processing" ЖШС тиесілі), нәтижесінде ашық жерге күкірт қышқылы төгілді. Тасымалданатын күкірт қышқылының жалпы саны шамамен 20 тоннаны құрады, 8 тонна күкірт қышқылы төгілді", - деді департаментте.

Белгілі болғандай, жалпы ауданы 80 шаршы метрді алатын қышқыл төгілді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр