Қарағанды облысында кәсіпкер әйел мемлекеттің қолдауымен бизнесін кеңейтті
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Ғабиден Мұстафин ауылындағы кәсіпкер Қарлығаш Теңсел он жылдан астам уақыттан бері ет сатумен айналысып келеді. Ол жақында мемлекет көмегінің арқасында кәсібін айтарлықтай кеңейтіп алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: кәсіпкер Қарлығаш Теңсел
Он жыл ішінде сатып алушылардың сеніміне ие болған Қарлығаш Теңсел өз бизнесін кеңейтудің жолдарын ойлап жүрген.
“Мен бұрыннан бері кәсібімді кеңейту туралы ойлап жүрмін. Жаңа жабдықтар сатып алып, дүкенді жаңартқым келді, бірақ қаражат жетіспеді”, – дейді кәсіпкер әйел.
Сөйтіп ол жергілікті әкімдікте жылдық 2,5% жеңілдікпен несие беретін "Ауыл аманаты" мемлекеттік бағдарламасы туралы білген. Қарлығаш өтініш беріп, 3 миллион 650 мың теңге алды.
Бұл қаражатқа кәсіпкер өзінің сауда нүктесін жаңартуға қажетті барлық жабдықтарды сатып алды. Атап айтқанда, тоңазытқыштар, үлкен мұздатқыштар, сөре, кондиционер, ет тартқыш және ет кесетін кәсіби станок.

Фото: кәсіпкер Қарлығаш Теңсел
“Осы қолдаудың арқасында мен өнімнің ассортиментін кеңейтіп, сақтау жағдайын жақсартатым. Енді менің балғын ет те, дайын фарш та сатуға барлық қажетті жабдықтарым бар. Бұл өте тиімді. Осындай мүмкіндік үшін "Ауыл аманаты" бағдарламасына ризамын, – дейді Қарлығаш.
Оның дүкені сатып алушылар үшін де, қожайынның өзі үшін де анағұрлым заманауи әрі ыңғайлы бола түсті. Несие 5 жылға берілді.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты