Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында карантин күшейтіледі

Екі күн "қызыл" аймақта тұрған Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Осылайша, эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Ал демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмыс істемейді. Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа Қаулысы 2021 жылғы 1 шілде күні, сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Бұл ретте, Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (мерекелік іс-шаралар, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, "құдалық", той, "беташар" және басқалар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу және баруға тыйым салынады;

- еске алу шараларын, соның ішінде үйде өткізуге тыйым салынған. Бірақ "Ashyq" жобасы іске асырылатын банкет залдары, мейрамханалар мен дәмханаларға ас беруге және келушілерге қызмет көрсетуге рұқсат;

- "Ashyq" жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға рұқсат жоқ;

- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрынның ағуы, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық көмекті шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай-ақ, дереу үйде медициналық көмекке жүгіну қажет;

- сондай-ақ тұрғындар қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар шегу кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда және ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң ұстануы тиіс. Сонымен қатар Қарағанды облысының барлық аумағында келесі қызмет түрлеріне (эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін) тыйым салу туралы шешім қабылданды:

- "Ashyq" пилоттық жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, ойын-сауық мекемелері (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, бильярд, боулинг орталықтары);

- букмекерлік кеңселер;

- жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарды қоса алғанда, балалар ойын-сауық орталықтары;

- банкет залдары, "Ashyq" жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда,

- театрлар, концерт залдары;

- мәдениет объектілері, оның ішінде үйлер мен мәдениет сарайлары, сондай-ақ оларға дайындық;

- іс-шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, жәрмеңкелер;

- жалпы білім беретін мектептер жанында орналасқан секциялар, үйірмелер, шағын орталықтар;

- дәстүрлі форматтағы білімді бағалаудың барлық түрлерін;

- СOVID-19 бойынша қолайсыз аймақтар мен елдерге оқушылардың халықаралық спорттық, мәдени іс-шараларға, олимпиадаларға шығуы;

- сонымен қатар облысішілік және қалалық тұрақты емес туристік тасымалдардың қозғалысына тыйым салынады.

Жұмыс күндері жаттығу залдары мен фитнес-орталықтар қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді, бір келушіге кемінде 5 м2 әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 30%-дан асырмай толтырылуын қамтамасыз ету қажет.

Талқылау