"Қар, боран, көктайғақ болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 10-12 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, аптаның басында Солтүстік циклон республиканың көп бөлігіне әсер етеді. Салдарынан қар, боран, елдің батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанып отыр.
Ал елдің оңтүстігінде кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Республика бойынша ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанып отыр:
- Түнде елдің батысында 0 -8 градусқа дейін,
- солтүстік-батысында, солтүстігінде 7 -15 градусқа дейін,
- Қазақстанның орталығында 10 -18 градусқа дейін,
- республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында 7 -20 градусқа дейін,
- оңтүстік облыстарда 5 -13 градусқа дейін болады деп болжанды.
"Өз жолын өзі қирататындай әрекетке барады деу логика сыймайды": Федерация президенті Жәнібек Әлімханұлының ендігі тағдыры не болатынын айтты
Рахимжан Ерденбеков: "23 қаңтардағы жиын сот емес, эмоциялық пікірталас та емес"
Қазақ халқының қандай тарихи жарақаттары бар және олар шынымен де бізге әсер ете ме?
Тарихи жарақатымызды басқа ұлттан көрмеуіміз керек