Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шотымнан ақша шеше алар емеспін": Қазақстан банкінде салымшыларға ақша төлеумен қиындықтар туындады

"Capital Bank Kazakhstan" АҚ салымшылары қиындықтарға тап болып отыр – олар шотынан ақша шеше алар емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігіне банк клиенттері айтып берді. 

капитал банк

"2 аптадай уақыт бұрын басқарма төрағасы Байниетова Д. атына өтініш жаздым. ЖК шотында жатқан қаражат – миллион теңгеден астам ақшаны маған төлеуді сұрадым. Әзірге дейін ақша жоқ. Capital Bank ақшаны басқа банктегі шотыма аударудан бас тартып отыр. Қызметкерлер күтуімді сұрап, бұл бөгелестің "Тенгри банкпен" бірігуге қатысты болып жатқанын айтты", - деді салымшылардың бірі. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда үш банк бірігеді деп күтілуде: "Тенгри банкке" Capital Bank Kazakhstan және AsiaCredit Bank қосылады. Банк акционерлері 2019 жылы 25 шілдеде ортақ жиналыстан кейін қайта құру туралы шешім шығарды. 

Қазақстан Ұлттық банкі баспасөз қызметінің сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Әлия Адамбаева сұратым хатқа жауабында егер салымшылар банктің іс-әрекеттерімен келіспесе, олар өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін шағым-талап беруге құқылы екенін айтты. 

"Сондай-ақ, егер салымшылар олардың құқықтары бұзылған деп есептесе, Ұлттық Банкке және оның аумақтық филиалдарына өтініш білдірулері қажет. Филиалдардың мекенжайларын Ұлттық Банктің сайтынан "Ұлттық Банк туралы" бөлімінен, "ҚҰБ құрылымы" - "Филиалдар" шағын бөлімінен білуге болады. Алматы тұрғындары қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіре алады, ол Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) жұмыс істейді.

Қоғамдық қабылдау бөлмесінен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар және банк, сақтандыру, зейнетақы салаларында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығы саласында қолданыстағы заңнаманың нормаларын түсіндірулерді алуға болады. Алдын ала жазылу талап етілмейді. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің телефондары: +7 727 2788 104 (ішкі 5571 немесе 5573), +7 727 2619 213", - делінген хабарламада. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Колбин кет": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

Осындай іс-әрекеттерге жол берген жауапты адамдарға ең қатаң жазалау шаралары беріледі

ЦентрКредит Банкіне ЕҚДБ теңгемен 40 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде кредит береді

Кредит беру туралы келісімге Алматы қаласында 12 желтоқсанда қол қойылды

Біртанов екпе салдарынан көз жұмды деген сәбидің оқиғасына қатысты түсініктеме берді

Министр баланың отбасына көңіл айтты және осы факті бойынша тергеу басталғанын хабарлады

Ерболат Беделханнан әке-шешесінің қалай өлгенін сұраған Аман Тасыған жұрттың ашуын келтірді

Продюсер: Әлі қырқы өткен жоқ, айта алмаймын

«Ақысын төлеймін»: Жапониядан келген қазақ келіншегі өзіне әке сатып алмақ

Назым Мукайяма әкелік мейірімді сезінгісі келеді

Сирек кездесетін металл алтынның абсолютті рекордын жаңартты

Сирек металдың бір унциясы 1912,35 долларды құрайды

Жедел жәрдем шақырудан бас тартты: Алматы тұрғыны пойызда күйіп қалған қызына көмек көрсетілмегенін айтты

ЖӘбірленуші: Жжолаушы әйелдің көмегімен аман қалдық

"Өнерге келгенде тоқалдың баласы сияқты қарап қалады": Саттар Ерубаев әртістердің қанша алатынын айтты

Актер: Қырылып, төбелесіп жатсақ, елге сол қызық, жыршы-жыраулар қызық емес

АҚШ президенті Тоқаевты құттықтады

Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті

Қарағандыда өзгенің қолынан өлген 3 жасар баланың анасы түрмеге жабылуы мүмкін

Әйел ұрлыққа қатысы бар деп күдіктелуде
Çàãðóçêà...