Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда Ресейде мобилизацияның келесі толқыны басталады – БАҚ

Ресейде 2023 жылдың қаңтарында мобилизацияның келесі легі басталады. Бұл туралы "Можем объяснить" Telegram-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мобилизация

Арнаның мәліметінше Ресей аймақтарындағы әскери комиссариаттар Қорғаныс министрлігінен мобилизацияға байланысты тыңғылықты жұмыс істеу туралы бұйрық алған. Бұл туралы арнаға үш дереккөз хабарлаған. 

Дереккөздердің сөзінше, қорғаныс министрлігі комиссариаттарға әскери борышын өтеуі керек азаматтардың тұрғылықты жері бойынша рейд өткізуді тапсырған. 

Ал Санк-Петербург қаласындағы комиссариатқа "қаңтар мен ақпанда атқаратын жұмыстың көп болатыны жайлы" айтылған. Мәскеу комиссариатындағы дереккөз қызметкерлерге "мобилизацияға шақырту жіберу үшін әскери борышын өтейтіндер мен келісімшарт негізінде жұмыс істейтін әскерилердің жеке ісін қарау" тапсырылыпты.

"Не істейтініміз әлі түсініксіз. Ресми түрде мобилизацияны әлі тоқтатқан жоқ, енді барлығын аймақтарға артып отыр. Егер қателік болса, міндетті түрде қатардағы қызметкерлер мен олардың басшылары жауап береді", – деп қосты дереккөздердің бірі. 

Бұған дейін Украина қарулы күштерінің бас штабы 10 желтоқсанда Ресейде "жасырын мобилизацияның" жаңа толқыны басталатынын мәлімдеген.  

Талқылау