Тараздағы зираттан Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару табылды
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару Тараздағы қабірлердің жанынан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ қызметкерлері "Қарасора-2023" жедел іс шарасы шеңберінде Тараз қаласының Махамбет батыр көшесіндегі зират маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған 3 полиэтилен қапшығын тапты.
“Қаптардан 10,25 мм калибрлі 3 оқ-дәрісі бар "Сайга 410" маркалы өздігінен оқталатын тегіс ұңғылы карабин, 16 мм калибрлі "ИЖ КА" маркалы бір ұңғылы аңшы мылтық, Жамбыл облысы ПД қоймасынан ұрланған 12 мм калибрлі "Hatsan" маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы винчестер, сондай-ақ зауыт нөмірі жойылған 16 мм калибрлі "ИЖ 17" маркалы бір ұңғылы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылды”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі уақытта осы дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?