AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан әскерилердің отбасыларына баспана сәуір айының соңына дейін беріледі - Вице-премьер

Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған үш курсанттың отбасына баспана бөлу мәселесі 25 сәуірге дейін шешіледі. Бұл туралы премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сарбаздар

Мәжіліс депутаты Юлия Кучинская жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Шекара академиясының курсанттары мен шекарашылар Алматы қаласы әкімдігі мен басқа да стратегиялық нысандарды қорғауға қатысқанын айтып өтті.

"Алматыда бес шекарашы көз жұмды, олардың арасында үш курсант бар. Олар Мейірхан Бітім, Әділқан Жайық және Дәулет Жұпарбеков. Мейірхан мен Дәулет небәрі 19 жаста, ал Жайық 22 жаста болды. Президент жарлығымен олар үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды", - деді депутат мәжіліс отырысында.

Айтуынша, марқұмдардың артында ата-анасы, іні-қарындасы қалды. Заң бойынша оларға 500 АЕК немесе 1,5 миллион теңге біржолғы ақшалай өтемақы қарастырылған.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов қаза тапқандардың отбасын үймен қамту мәселесі үкіметтің ерекше бақылауында екенін атап өтті. Ол қаңтар оқиғасы кезінде 19 құқыққорғаушы, соның ішінде Шекара академиясының үш курсанты қаза тапқанын еске салды.

"Бүгінгі таңда шешім қабылданып қойды. 13 адамның отбасына баспана берілді. Қалған алтауының, соның ішінде курсанттардың мәселесі бойынша мен өңір әкімдерімен жеке сөйлестім. Мәселе 25 сәуірге дейін шешіледі", - деп сендірді Тоғжанов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр