Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар айындағы ҰБТ нәтижелері анықталды

Қаңтардағы ҰБТ-ны тапсырған 123 мың адамның 103 мыңы шектік баллды жинады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ҰБТ

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Имелбаевтың айтуынша, 83%-ы шектік баллды жинады. 

"Қаңтар айындағы ҰБТ-ны 123 мыңға жуық адам тапсырды. Оның 77%-ы, яғни 95 мың тестіленуші қазақ тілінде, 23%-ы орыс тілінде тапсырса, 91 талапкерге ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға рұқсат берілді.

Қаңтардағы ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 274 бала қатысты”, – деді Емесбаев ОКҚ брифингінде.

Қаңтардағы ҰБТ-ның орташа баллы – 76 балл, ал ең жоғарысы 139 балл. 139-ды тестіленушілердің бесеуі жинады.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 13 Ақпан, 2023 13:02