Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қанішер әрі әйел біткенді жек көруші": Детектив 60 жылдан кейін АҚШ-тағы ең танымал істің артында әкесі тұрғанын дәлелдеді

72 жыл бұрын қаза тапқан актрисаның өлімі АҚШ-тағы шешімі табылмаған қылмыстық істердің бірі. Алайда, полицияның экс-қызметкері қылмыскердің кім екенін анықтағанына, актрисаны туған әкесі өлтіргеніне сенімді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru басылымына сілтеп хабарлайды. 

Элизабет Шорт

Қара шашты, сұлу бойжеткен Элизабет Шорт үлкен киноға түсуді, танымал актриса болуды армандаған арулардың бірі еді. Ол 1924 жылы Масачусетс штаты, Бостон қаласының жанында Гайд-Паркте өмірге келді және бала күнінен кино жайлы журналдарды жақсы көрді. 19 жасында Шорт жұлдыз атану үшін туып өскен үйінен батысқа көшіп кетті. Бірақ оның маңдайына мақсатына жетіп, Голливудта табысқа кеңелу жазылмаған екен. 

Жас актриса бірнеше ер кісілермен жүрді. Элизабет Шорттың  АҚШ BBC майоры Мэтт Горданды жан-жүрегімен қатты жақсы көргені белгілі. Ғашықтар неке қиғандарын мәлімдесе де, той болған жоқ. 1945 жылы Гордан ЖКО-да қаза тапты. Сүйіктісі көз жұмған соң, Шорт Калифорнияда өмір сүрді. Ер адамдардың назары жанына майдай жаққан бойжеткен олар берген қымбат сыйлықтарды ыстық ықыласпен қабыл алатын. Дегенмен бірде-біреуінің сезіміне жауап бермейтін. 

Аш қалса да, қымбат заттарды сатып алу үшін ақшасын аямайтын. Актриса қаза таппай тұрып сүйіктісіне модель болып жұмыс істеу үшін  Чикагоға көшкісі келетіні айтып, хат жазған. Алайда, оның танымал модель болу туралы арманы да орындалмады. Соңғы рет аруды қала тұрғындары 1947 жылдың 9 қаңтарында  Лос-Анджелестің орталығында орналасқан "Билтмор" қонақүйінде көрді. 

1947 жылдың 15 қаңтарында, таңертең Лос-Анджелестің полиция басқармасына, бір әйел хабарласып, Нортон-авеню және 39 көшенің қиылысынан екіге бөлінген адам денесін тауып алғанын айтты. Аталған мекен-жай бойынша оқиға орнына келген детективтер көзбен көргеніне сенбей, абдырап қалды. Жол бойындағы шөптің үстінде бел тұсынан екіге бөлінген әйелдің денесі жатты. Әйелдің қолдары артқа қайырылған, ал аяқтары екі жаққа қарай созылып жатты. 

Элизабет Шорттың денесі

Детективтердің айтуы бойынша, Шорттың өміріндегі соңғы үш күн қайғы-қасіретке толы болған. Үлкен тәжірибесі бар полиция қызметкерлерінің өзі қылмыскердің жауыздығына қайран қалды. Шортты өлтірген адам оның денесін қаннан жақсылап тазалаған. Сондықтан тәртіп сақшылары денеден қаскүнемнің саусақ іздерін анықтап, оны тұтқындай алмады. Детективтер мәйіттің жанынан қанға боялған бір қап цементті тапты. 

Элизабет Шорттың өлімі жайлы ақпарат берген тілшілердің басым бөлігі ол жайында көзі тірісінде жеңілтек қыз, элиталы жезөкше болған деп жазды. Күн өткен сайын газеттердің барлығы бір-бірінен қайталап, Элизабет Шорттың Қара Нарғызгүл деген лақап аты бар болғанын мәлімдеді. Сол жылдары Көк Нарғызгүл атты фильм қатты танымал еді. Журналистер Шорттың сол кинодағы кейіпкерге еліктегенін айтты. Полицияға түскен көптеген арыздар, мұның жалған ақпарат екенін дәлелдеді. Әйтсе де Шорт қаза тапқан соң, оның есімімен бірге гүлдің де атауы әлі күнге дейін қатар айтылады. 

1947 жылдың 21 қаңтарында Los Angeles Examiner газетінің редакциясына ер кісі қоңырау шалып, Элизабет Шортты өлтіргенін мәлімдеді. Жақын арада редакторға  "Бет Шорттың кәдесыйы" сақталған сәлемдеме жіберетінін айтты. Бірнеше күннен кейін пошта тасушы жергілікті басылымдарға арналған хатқалтаны тауып алады. Хатқалтада: "Георгиннің заттары осында" деп жазылып тұрды. Ішінде марқұмның туу туралы куәлігі, суреттері, визит карточкалары болды. Хатқалтаның сыртындағы мәтін газеттерден қиылып алынған әріптерден құралды, бірақ кейбір сөздер қолмен жазылды. 

Полция қызметкерлері сәлемдемені қылмыскер жіберді деп ойлап, оның  сыртын бензинмен сүртті. Бірнеше күн өткен  соң, тағы да бір сәлемдеме келді. Қылмыскер полицейлерге берілетінін, оларды хатта жазылған мекен-жай  бойынша күтетінін айтты. Бірақ күдікті полицейлерді алдады, кездесуге келмеді. Осыдан кейін ол тағы да хат жолдап, Элизабет Шорттың ісі жабылғанын ескеріп, кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Актрисаның өлімі елді дүрліктіргені сонша, полицияға іске қатысы болсын, болмасын Шортты өлтірдім деп 60 адам келді. Детективтер марқұммен таныс болған күдіктінің әрқайсысын тергеді, мыңдаған адамды тергеуге шақырды. Олардың ішінен жүзі күдіктілер қатарына кірді. Бірақ ешкім Элизабет Шортты өлтіргені үшін заң алдында жауап берген жоқ. 1947 жылы көктемде күдіктіні анықтау, ұстау жұмыстары тоқтатылды. 

Элизабет Шорттың қандай жағдайда қаза тапқаны әлі күнге дейін көптеген журналистерді, ғалымдарды қызықтырады. Жыл өткен сайын адамдар Шорттың өлімін АҚШ-та сол кездері орын алған басқа қылмыстармен байланыстыра берді. Бірақ ешкім актрисаның қазасы өзге қылмыстармен байланысты екенін дәлелдей алмады. 

Қара Нарғызгүлді өлтірген адам  Лос-Анджелес полициясының бұрынғы детективі Стив Ходел істі қолға алғанында анықталды. Стив Ходел кез келген күрделі қылмыстарды шеше білген мықты полиция қызметкері болған. 

1999 жылы әкесі қайтыс болған соң детектив Ходел оның жеке заттарын ретке келтіруге кіріседі. Сол кезде қораптардың бірінен ескі фотоальбомды тауып алады. 

Оның ішіндегі кейбір суреттерді танымал суретші-сюрреалист әрі отбасының досы Мэн Рей түсірген. Суреттердің біреуі Стивтің назарын өзіне ерекше аудартты. Детектив суреттегі әдемі қыздың Қара Нарғызгүл екенін түсінгенде өз көзіне сенбей, қатты таңғалыпты. 

Стив Ходел әкесінің альбомына салынған Қара Нарғызгүлдің суреттерін көрсетті

Ол басынан бастап өз зерттеу жүргізіп, газет мұрағаттарын ақтарып, күдіктілердің  айтқан сөздерін қарап шығады. Алайда, күдіктілердің айтқан сөздері жазылған құжат, дәлелдердің басым бөлігі жоғалып кеткен. Әйтсе де, детектив жұымысын тоқтатпай, шынайы қылмыскерді анықтады.

Аутопсиядан марқұмның денесі қалай екіге бөлінгені белгілі болды. Қаскүнем үлкен жалпақ пышақты алып, басқа сүйектеріне зақым келмейтіндей етіп, омыртқасын кескен екен. Бұл процедураны арнайы оқудан өткен адам ғана жасай алады. 1930 жылдары Джордж Ходел оқыған медициналық мектептердің бірінде осылай кесуді үйрететін. 

Детектив редакцияға жіберілген хатқалталардың суреттерін зерттеп, хатқалталардың сыртынан әкесінің жазуын таныды. 

Стив әкесі ішіне екі келі цементтен салынған он қапты сатып алғанын растайтын құжаттарды тапты. Джордж Ходел цементті Шорттың өліміне бір апта қалғанда сатып алған. Дәл сондай қанға боялған қап қылмыс орнынан табылған еді. 

Детектив өз әкесінің қылмыскер екенін мәлімдеп еді, актрисаны Джордж Ходелдің өлтіргені айқындалып, оның кінәсін дәлелдей түсетін фактілер табылды. Los Angeles Times газетінің шолушысы Стив Лопес фактілерді тексеру барысында полицейлердің дәрігердің үйіне жасаған стенограммасын тауып алды. 

Стенограмманың бір бөлігі әсіресе үлкен күдік туғызады. 1950 жылдың 19 ақпанында сағат 20.25-те болған жағдайды детективтер жазып алған.

Стенограммада әйелдің қайта-қайта айқайлағаны, сосын күндердің бірінде дәрігердің: Қара Нарғызгүлді мен өлтірдім делік, олар мұны дәлелдей алмайды. Менің хатшымды енді тергей алмайды, себебі ол өліп қалды”, — деп айтқаны сақталған.

Дәрігер Джордж Ходел

Дәрігердің хатшысы Рут Сполдинг есірткіні өте көп мөлшерде тұтынып, қайтыс болған. Полицейлер оның өліміне Джордж Ходелді айыптауға тырысты, бірақ дәлел болмаған соң, істі жауып қойды. Кейін Сполдингтің бастығына қоқан-лоққы көрсеткені анықталды. Ол дәрігердің науқастарға өтірік диагноз қойып, осы арқылы қосымша ақша табатынын білген. 

Дәрігердің іс-әрекеттері полицейлерді қатты қызықтырған. 1949 жылдың қазанында ол 14 жастағы қызы Тамараны аздырғаны үшін айыпталды. Үш күдікті Джордж Ходелдің туған қызына тиіскенін айтты. Бірақ дәрігердің әйелі күйеуін жақтап шықты, Ходел ақталды. Дәрігер алымсақтық жасады деп айыпталған соң, полиция қызметкерлері оны Элизабет Шортты өлтірген күдіктілердің қатарына қосты.

 2018 жылы детектив Стив Ходел өзінің пікірі дұрыс екенін дәлелдейтін тағы бір айғақ тапты. Ақпаратшының полицейге берген хатының ішінде Джордж Ходелдің Элизабет Шортты өлтіргені айтылған екен.

Детектив Стив Ходел

“Мен әкемді жақсы көрдім. Оның қылмысқа қатысы жоқ екенін дәлелдей алатыныма сенімді болдым. Бірақ қолымнан келмеді”, — дейді Стив Ходел. 
Стив Ходел әкесінің қылмысын дәлелдейтін төрт кітап жазды, қазіргі уақытта қылмыс жайында жеке блог жүргізеді.


 

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралда жүргізуші автокөлігімен 3 жасар қызды екі рет басып өткен

Қыздың жағдайы өте ауыр, екі аптадан бері ауруханада жатыр

Жүкті әйеліне асығып бара жатқан: Оралда қызды қағып өлтірген жүргізуші өзін босатуды сұрады

Оның үстіне ол жүргізуші куәлігінен айырылған екен

Балаларымен бірге мекемеде түнеген: Шымкентте көпбалалы аналар әкімдікке баса көктеп кірді

Олар қала басшысымен кездескісі келіпті

Виктор Храпуновтың ұлы Ілияс Храпунов БТА банктің ақшасын жымқырды деп айыпталды

Женева соты Храпуновтың ұлы 500 миллион доллар теңге қайтаруы қажет деген үкім шығарған

Назарбаев Швейцария президентімен кездесті

Тұңғыш президент пен Швейцария президенті екі ел арасындағы байланысті сөз етті

Еуропа елдеріне қарағанда алты есе көп: Елімізде мектеп қабырғасында босанатын қыздар саны жаға ұстатты

Депутат: Бұл секске дайындау мәселенің нәтижесі!

Қазақстан азаматы Беларусь елінде қыздарды жезөкшелікке арбады деп күдіктелуде

Белорусь полиция қызметкерлері қазақстандықты автобекетте ұстап алған

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Бұған дейін бастамашыл топ елімізде референдум өткізуді ұсынған еді

Солтүстік Қазақстан тұрғындарының саны бір миллионға жуық адамға азаюы мүмкін

Петропавлда қазақстандықтарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру мәселелері талқыланды

Иесінің қатерлі ісік ауруын сезіп, оның өмірін сақтап қалған төбет

Қан құрамындағы қатерлі дертті сезе алады
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр