"Канело" мен Джейкобс жекпе-жек басталмай тұрып төбелесіп қалды (видео)

Салмақ өлшеу рәсімінде боксшы Сауль Альварес пен Дэниел Джейкобс шағын төбелес ұйымдастырды. Абырой болғанда, күзетшілер боксшыларды бірден ажыратып алып кетті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Канелобай

Бүгін мексикалық спортшы Сауль Альварес Канело (51-1-2) және Дэниел Джейкобс (35-2) арасындағы титулдық күрестің алдында ресми салмақ өлшеу рәсімі өтті. Екі боксшының да салмағы дұрыс келді.

Салмақ өлшеп болған соң спортшылар дәстүрлі түрде көз түйістірулері керек болды. Алғашында, қарсыластар бастарын тақап тұрған болатын, сосын «Канело» Джейкобсты итеріп жіберіп, баспен ұрмақ болды.

Артынан спортшылар алдағы жекпе-жекке қатысты пікірлерін білдірді.

«Мен оны ұрып-соғуға және тарихты жазуымды жалғастыруға дайынмын. Мен бұны әрдайым жасап келемін. Мен кез-келген стильдегі жекпе-жекті ұстана алатын боксшымын. Бәлкім, Джейкобс менен ірі шығар, бірақ бұл мені алаңдатпайды. Мен оны нокаутқа құлатуды көздеп жүрмін және оны құлатамын», - дейді «Канело».

Альверес нокаутқа құлатуға дайын екенін білдірсе, Джейкобс «Канелоның» бүгінгі әрекетіне жұдырығымен жауап беретінін айтты.

«Мен, ешқашан кері шегінбеймін. Мен Браунсвилден келгенмін. Және ешқашан ешкімнен қашқан емеспін, қашпаймын да. Мен бұны отбасым және Бруклин үшін жасаймын. Альвареспен шайқас – бүкіл өмірдің мүмкіндігі. Мен өзімнің орта салмақ бойынша әлемдегі ең мықты боксшы екенімді сеземін. Альварес өзінікін алады. Осыны жасайық, біздің шайқасымыздың көріңіздер. Ол мені ақымақ басымен ұрғысы келді, ал ертең менің атымнан жұдырығым сөйлейтін болады», - деп жауап берді америкалық боксшы.

 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр