Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Канело" Головкинмен үшінші жекпе-жекке қызықпайтынын айтты

Мексикалық боксшы Сауль Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жекпе-жекке қызықпайтынын айтты. Оның сөзін The Athletic журналисі Майк Коппинджер келтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Канелоның» балдақпен жүрген суреті тарап кетті. Промоутері мән-жайды түсіндірді

Журналистің сөзінше, бұл туралы «Канело» 2 қарашада Лас-Вегасте WBO нұсқасы бойынша орташа ауыр салмақтағы әлем чемпионы Сергей Ковалевпен өтетін жекпе-жекке арналған баспасөз конференциясында айтқан. 

«Канело» Головкинмен арадағы жұмыстары біткенін, онымен үшінші рет жұдырықтасуға ынтасы жоқ екенін айтты», - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.

Еске сала кетсек, бұған дейін Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя Головкинмен үшінші жекпе-жектің өтетін уақытын атаған еді. Оның сөзінше, жекпе-жек 2020 жылы өтеді.

Талқылау