Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канадада өтетін әлем кубогінде сынға түсетін семсершілер анықталды

Қазақстандық семсершілер Канадада өтетін Әлем кубогі кезеңінде өнер көрсетеді.  Бұл  туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Канада өтетін Әлем кубогінің кезеңіне қатысады. Жарыс 21-24 қараша аралығында Ванкувер қаласында жалауын көтереді. Құраманың намысын келесі спортшылар қорғайды.

1. Руслан Құрбанов,

2. Эльмир Әлімжанов,

3. Вадим Шарлаимов,

4. Ерлік Сертай,

5. Кирилл Павлов.

Айта кетейік, бұған дейінгі Әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар командалық жарыста жетінші орынды иеленген еді.

Даурен Түлкібай
Сейсенбі, 19 Қараша, 2024 18:15