Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Канада құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

Канада құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды. 5-2 есебімен канадалықтар Германия құрамасын жеңді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Финляндияда хоккейден әлем чемпионатының соңғы матчы өтті.

Канадалықтардың шайбаларын Сэмми Бле (11 және 45-минуттар), Лоусон Круз (38-ші), Тайлер Тоффоли (52-ші) және Скотт Лотон (59-шы) салды, ал немістердің тарапынан Джон-Джейсон Петерка (8-минут) мен Даниэль Фишбухты ұпай (34-ші) еншіледі.

Канада құрамасы 28-ші рет әлем чемпионы атанды.

Канада соңғы үш хоккей әлем чемпионатының екеуін жеңіп алды.

Талқылау