"Қалың қар мен бұрқасын болады": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 7-9 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарының басым бөлігінде алдағы демалыс күндері тұрақсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа-райын солтүстік циклонның терең жырасы айқындайтын болады. Осыған байланысты тұрақсыз ауа-райы болжанған.
Еліміздің шығысында қалың қар жауады, бұрқасын болады.
Ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр соңы қарға ауысады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын болады. Шығыс, оңтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ болжануда.
Елдің батысы мен солтүстік-батысында кең ауқымды скандинавиялық антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Ауа температурасы:
- түнде елдің батысында 5 -13 аязға дейін;
- солтүстік-батыста 13 -25 аязға дейін;
- еліміздің солтүстігінде 20 -25 аязға дейін;
- Қазақстанның орталығында 15 -28 аязға дейін;
- республиканың шығысында 18 -26 аязға дейін;
- оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде 8 -21 аязға дейін біртіндеп төмендеуі болжанған.
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған