Алып кит екі туристті жұтып қойды (видео)
Калифорния жағалауында алып кит байдаркамен сырғанап келе жатқан екі әйелді жұтып қойды. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Кадрда аузын ашып тұрған киттің екі әйелмен бірге байдарканы қалай жұтып қойғаны көрсетілген. Бір секундта теңіз алыбы адамдарды қайта түкіріп тастаған. Олар өздерінің әдеттегі қорегінен бөлек нәрсе жеп қойғанын түсінсе керек. Бұндай киттер әсіресе криллмен және ұсақ балықтармен қоректенеді.
Әйелдердің зардап шекпегені, тек қорқып қалғандары атап өтілді.
Талқылау
Пікір