Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қадірлейміз": Тоқаев жазушы Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев танымал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады.

«Сізді егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті жазушы, сөз өнерінің патриархы ретінде қадірлейміз. Қазақ қаламгерлері арасынан дараланып шығып, бірегей тұлға дәрежесіне көтерілген өзіңізді үнемі мақтан етеміз»,– делінген жеделхатта.

Әбдіжәміл Нұрпейісов: Жазушы неліктен Ұлы Отан Соғысынан алған 3 орденін қоқысқа тастап жіберген >>>

Сонымен қатар жазушының «Қан мен тер», «Соңғы парыз» романдары қазақ көркем сөзінің алтын қазынасына еніп, әлем әдебиетінде өзіндік орны бар рухани құндылыққа айналғаны жайында да айтылған. Жазушының жалпыадамзаттық мәселелерді арқау еткен шығармалары арқылы халқымызды бүкіл дүние жүзі танығанына да тоқталған.

«Баршаны алаңдатқан Аралдың ахуалы сіздің қайталанбас туындыларыңызда көрініс тапты. Ел мүддесін жаһандық деңгейге жеткізіп, оқырманның шексіз ықыласына бөленіп келесіз»,– деп жазды мемлекет басшысы.

Президент мерейтой иесіне: «Жазушылық жолыңыз, ғибратты ғұмырыңыз жалғаса берсін! Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс, бақ-береке тілеймін!» - деген ықыласын білдірді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Жол апатына ұшыраған ер адамның туыстары оның өліміне көз жеткізбестен жерлеп тастаған

Полицейлерге ер адамның денесін қазып алуға тура келді

Ақтөбеде ҰБТ алдында қолына табыстап кеткен оқушының телефонын комиссия мүшесі ұрлап кеткен

Оқушы: 205 мың теңге тұратын телефоным жоқ болып кетті

Банк терминалының істен шығуына байланысты қазақстандық жарты миллион теңгесінен айырылып қалған

Бес ай бойы ақшасын қайтара алмай жүр

Алтын туралы қызықты деректер

Алтынның органикалық қосылыстары медицинада көптеген ауыр дерттің емдеуге қолданылады

Баян Алагөзова: Мен соңғы рет қашан ұрысқанымды ұмытып қалдым

Продюсер: Ол қате сөйлеп тұрса да, кез келген жағдайды сабырлы күйде түсіндіруге тырысамын

"Анамды екінші рет көргім келмейді": Алматы облысында көпбалалы ана алты перзентінен бас тартты

Көпбалалы ана: "Қазір балаларады ойлап жүрген жоқпын"

"Актриса болғым келген": Астаналық кран жүргізуші әйел кино мен театрды бағындыруды армандайды

Құралай Игілік: 15 жыл құрылыста жұмыс істеп жүрсем де әлі баспанам жоқ

Отқа оранған әуе ұшағы видеоға түсіп қалған

Ұшқан кезде қозғалтқыштарының бірі сыр берген

Алматыда оқушыға шабуылдаған ер адам ұсталды: Ол аула сыпырушы болып шықты

Күдікті: Қалтамнан телефонымы шығардым, ол пышақ екен деп қалды

Almaty Investment Forum-ды өткізуге бюджеттен 80 миллион теңге бөлінбекші

Форумға қонақтар әлемнің 20 елінен келеді екен
Çàãðóçêà...