Израиль "Хезболла" командирін тұтқынға алды – БАҚ
Израиль әскери тобы ел шекарасынан 140 км қашықтықта Ливанның солтүстігінде Хезболла қозғалысының командирін тұтқындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ресейлік N12 телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарнаның хабарлауынша, тұтқынға алынған "Хезболла" командирі Израильге жеткізіліп, тиісті барлау бөліміне жауап алуға жіберілген.
Кейбір БАҚ хабарлауынша ұсталған "Хезболла" командирі теңіз-әскери күштерінде басшылық қызмет атқарған.
Еске салайық, бұған дейін ЦАХАЛ "Хезболла" көшбасшысы Хасан Насралланың көзі жойылғанын мәлімдеген еді. ЦАХАЛ өкілінің сөзінше, Хасан Насралламен бірге "Хезболла" оңтүстік қапталының қолбасшысы Али Карчи де өлтірілген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген