AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
AAPL
149.24 $
2.54 %
TSLA
761.61 $
5.14 %
NDAQ
148.79 $
1.82 %
GOOGL
2329.46 $
1.77 %
FRHC
43.51 $
2.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Зорлық-зомбылық көрсеткен": Италияға балық аулайтын қайықпен 500-ден астам мигрант келді

Италия жағалау күзеті Жерорта теңізіндегі Лампедуза аралының жағалауына жақын жерде балық аулайтын қайықтан 539 мигрантты құтқарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап. 

Итальяндық БАҚ-тың хабарлауынша, мигранттарға толы қайық Италия жағалауына Ливиядан келді деп болжанып отыр. Онда көптеген әйелдер мен балалар болған. Мигранттардың ішінде әртүрлі елдердің азаматтары, соның ішінде мысырлықтар, сириялықтар, сондай-ақ Солтүстік Африкадан келген иммигранттар бар.

"Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының мәліметінше, Италияға барар алдында мигранттарды ұрып-соққан мүмкін. Денелерінде физикалық зорлық-зомбылықтың іздері табылған. Бір нұсқа бойынша, олар Ливияда қамауда болған. 

Мигранттармен бірге қайық батып кетуі мүмкін болғандықтан, адамдар итальяндық кеден мен жағалау күзетінің кемелеріне көшіріліп, Лампедузаға жеткізілді.

Ливиядан келген мигранттар үнемі Италия аралдарына, атап айтқанда Лампедузаға келеді. Алайда бұрын-соңды мигранттардың саны бірден бұндай көп болып келмеген.

Аралда шамамен 300 адамға арналған мигранттар лагері бар, бірақ қазір онда он бес адам тұрады. 

Бұл адамдардың көпшілігі азаматтары Еуропада баспана алуы екіталай елдерден келеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр