Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ыстық су атқылады: Алматыда тағы да жылу желісі жарылды (видео)

Алматыда тағы да жылу жолының құбыры жарылды. Желіде куәгерлер түсірген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда тағы да жылу желісі жарылды (видео)

Оқиға Казаков пен Бродский көшелерінің қиылысында, Maxima ойын-сауық-сауда орталығының маңында орын алған. Желіде тараған видеода жерден ыстық су атқылап жатқаны көрінеді. 

Өз кезегінде Алматы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жылу-энергетикалық кешені кәсіпорындарының ресми өкілі Ян Гирин оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, құбырдың жарылған бөлігінің диаметрі 50 сантимтерді құрайды. 

«Құбыр 1997 жылы пайдалануға берілген. 22 жыл қолданыста болған. Жазда тексерілгенімен, өкінішке орай, ақау шықты. Апаттық бригада 15 минуттың ішінде бәрін жапты. Қазіргі уақытта оқиғаның салдары жойылуда», - дейді Ян Гирин.

Қазіргі уақытта 80 нысанға ыстық су берілуі тоқтады. Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген. Алайда Гирин бірнеше көліктің зақымдалғанын айтты.

«Комиссия құрылып, залал сомасын бағалайтын болады. Зақымдалған автокөліктердің иелеріне «Алматы жылу желілерінің» есебінен өтемақы төленеді», - дейді Гирин.

Еске сала кетсек, күні кеше Алматыда құбыр жарылып, салдарынан бір адам зардап шегіп, үш көлік суға батып кеткен еді.
 

Талқылау