Іссапардан оралған Өскемен тұрғыны үйінен әйелі мен ұлының өлі денесін тапты

Өскеменде улы газдан екі адам қаза тапты. Әйелі мен баласының денелерін таңертең іссапардан оралған отағасы көрген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Ер адам баласын дереу сыртқа шығарып, оны аман алып қалуға тырысқан, бірақ өте кеш болған еді.

Құтқарушылар түнде сымның қысқа тұйықталуынан су жылытқыш бойлер сымдарының оқшаулауы еріп кетті деп болжады. Пластикалық төбе ұшқыннан жанып, улы газ үйді толтырған.

"Төбе ери бастады, оның уыттылығы өте жоғары. Уытты улану 1983 жылы туған әйел мен оның ұлының құтқарушылар келгенге дейін қаза болуына әкелді. Жану алаңы тек екі шаршы метр болды, бірақ тіпті осындай кішкентай өрт қайғылы жағдайға әкелді", - деді ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Құтқарушылар егер үйде улы газды анықтайтын құрал болса, оның қатты сигналы үйдегілерді оятар еді деп санайды.

"Ондай құрал 3 000 теңгеден жоғары тұрады. Оны орнатуға немесе тіпті өрт сөндіргіш алуға болады, бірақ пешті тазалап, жарықтарды бітеген дұрыс", - деді Марина Лискова.

Жыл басынан бері тек Өскемен қаласында улы газбен уланудан жеті адам, оның ішінде екі кішкентай бала қаза тапты.

Айта кетейік, көз жұмған әйелдің 13 жасар қызы қалды. Қаралы түнде ол әжесімен бірге болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр