Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ысырап болмасын деп": Өнер жұлдыздарының күлкіге қарық болған бейнежазбасы желіні жарды (видео)

Өнер жұлдыздарының күлкіге қарық болған бейнежазбасы желіні жарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ысырап болмасын деп: Өнер жұлдыздарының күлкіге қарық болған бейнежазбасы желіні жарды (видео)Бұл бейнежазбаны Нұрболат Абдуллин желідегі парақшасында бөліскен. Видеода бірқатар өнер жұлдыздары Нұрлан Еспановтың әзіліне күліп жатқанын байқауға болады. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева, Нұрболхан Шарапов, Дастан Оразбеков, Сәкен Майғазиев сынды бірқатар тұлғалар бар. 

"Күлмеу мүмкін емес. Видео ысырап болмасын деп", - дейді Нұрболат Абдуллин. 

Мұны көрген жұрт таңқалып, бірі өнер иелерінің күлкісіне қарық болса, енді бірі олардың әрекетін ерсі деп таныған. Олар ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Желідегілер мұны бірден Нұрлан Еспановтың әзілі екенін аңғарған. 

"Қатындар секілді аузыңды басып күлгенің не, еркекше күлсеңші", "Сіздер неге күліп жатырсыздар? Біз сіздердің күлкілеріңізге қарап күлдік", "Нұрлан Еспановтың өзі жүрген тірі анекдот қой", "Ішекті әбден қатырыпты-ау", "Бұл кісімен сапарлас болу бір бақыт қой шіркін. Нұреке жарайсыз, шаршамаңы", "Бізбен де бөліспедіңдерме бірге күлер едік", - деп пікір білдірді жұрт. 

Талқылау