Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Іштегі майдан арылудың жолы табылды

Уэйк-Форест медициналық орталығының ғалымдары дене сымбатын қалпына келтіріп, іштегі майдан арылу үшін спорттық залға барудың немесе диетаның қажеті жоқ екенін анықтады.

Іштегі майдан арылудың жолы табылды

Зерттеушілердің сөзінше, күн сайын 10 грамма жасұнық тұтыну іштегі майдың көлемін бес жылда 3,7 пайызға азайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Express басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Диетологтардың айтуынша, жасұнық сұлы кебегі, бұршақтыларда, кей жемістер мен көкөністерде көп мөлшерде кездеседі. Ал бұл өнімдерді үнемі жеу организмді сауықтыруға және зат алмасуының деңгейін қалыпты етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мамандар денсаулықты қолдау үшін, фастфуд тәрізді «өте майлы» тағамдардан бас тартуға кеңес берді.

 
Талқылау