«Ішінен ұрған»: Асия Тулесованың анасы қызы үшін көмек сұрады

Алматы марафонында «Шындықтан қаша алмайсың. Бізде таңдау бар» деген жазу жазылған прокат үшін 15 тәулікке қамауға алынған Асия Тулесованың анасы қызының уақытша ұстау абақтысындағы жағдайын айтып, көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы Фатима Жандосова өзінің әлеуметтік парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ішінен ұрған»: Асия Тулесованың анасы қызы үшін көмек сұрады

Оның айтуынша, Асия Тулесова аштық жариялаған кезде оның жанына үнемі тамақтанатын және темекі шегетін әйелді әкеп кіргізген екен. Енді олар Асияның жанына оны үнемі қасақана арандатып отыратын Толғанай деген қызды отығызыпты. Ол Әсияны арандатқысы келгенімен қоймай, оның ішінен ұрған дейді, Тулесованың туысы.

«Қазір Асия камераға кіргісі келмейді. Ол арандатушылықтан қорқады. Себебі, бұзушылықты қоздырып, бұдан да ұзақ уақытқа қалдыруы мүмкін. Асияның шығуына 3 күн қалды, ал қазір арандатушылық күшейе түседі»,- дейді Фатима Жандосова.

Не істерін білмеген Асияның жақындандары оны қалай қорғаймыз деп, көмек сұрады.
 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр