"Маскүнемдердің жеріне айналған": Алматыда тұрғындар Тұңғышбай Жаманқұловтың меншігіндегі ғимараттқа шағым айтты

Алматыда тұтас бір ықшамаудан тұрғындары Тұңғышбай Жаманұқұловқа тиесілі қаңыраған ғимаратты жиырма жылдан бері сүргізе алмай әлек. Екі қабатты нысан жын-шайтан мен ішкіштердің мекеніне айналыпты. Жұрт маңынан жүруге ұрейленетін күйге түскен. Айналасы қоқысқа толып, екі күннің бірінде ойын балалары құлайды екен биіктіктен.

Шенеуніктер өнер иесіне қанша айыппұл салғанымен, қолға алып жатқан Тұңғышбай Жаманқұлов жоқ дейді. Одан бөлек ықшамауданда жол, жарық мәселесі халықты әбден қажытқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Арбадағы баласын жетектеп бүгін бір топ тұрғын қаңыраған ғимараттың жанына жиналды. Іші мен сырты қоқысқа толы аймақтан өтудің өзі қорқынышты дейді. Тіпті, ішкіштер ішінде жатып ішетін үйсіздердің панасына айналған. Сан рет әкімдікке айтқанымен, шенеуніктердің алып тұлға Тұңғышбай Жаманқұловқа өктемдігі жүрмейді деп ашынады. Әйтпесе, ай сайын келіп, тексеріп кететін көрінеді өнер иесі. Тек, жұрттың шамына тиген нысанды не сүрмейді, не қоршауға алмайды деп күйінеді.

Қоқыстың иісі өз алдына проблема. Шенеуніктер жеке сектор деген сылтаумен аяқ басып бармайды. Ал, аты дардай актердің кесірі елуге тарта бала мен жүзден аса тұрғынға тиюде. Түн жарымда жанынан кәлимасын айтып өтеді. Одан бөлек ойдым-ойдым жолдарынан жүру мүмкін емес. Алғабас ықшамауданына төселген асфальт қақ ортадан бөлініп, Теректіге келгенде тоқтап қалған.

"Күзде лай болғанда жаңбыр бастала ма, шалшық су көбейеді. Оқушылар жығылады. Мектепке кір киіммен барады. Асфальт керек. 500 метрлік бұрыштан мына бұрышқа неге асфальт төселмеске?", - дейді тұрғын Сәуле Қамашева. 

Жолдан бөлек жұртшылық жарық үшін «әкеміздің құнын» береміз деп қапалы. Киловатына 28 теңгеден тағы жекеменшік иеден сатып алады. Не түбіртегі жоқ. Әйтеуір, сығырайып жанғанына қуанады. Бағаналары құлайын деп, сымдары салбырап жатыр. Трансформатор жекенікі деп көнсе де, бұқараның базынасын тыңдаймын дейтін бір атқамінер жоқ екен. Ауданның шенеуніктерінің түрін білмейді, есесіне аты-жөндерін қағазда оқиды жұрт.

"Әкімге қанша өтініш жазып жатырмыз. Алдына да барып жатырмыз. Мыналар келді деп көңіл бөлген бір адам жоқ. шыны керек. Әкім келмейді. Мектепке келіп сол жерде қандай жиналыс ашатынын біз тек келіп кетті дегенді естиміз", - деді тұрғын Гүлзира Мұқанова. 

Атқамінерлерді біз де орнынан таппай сағаттап күттік. Жолды үш жылсыз армандамасын, кәріз бен су жүйесі тартылған соң төселеді асфальт дейді. Ал, қаңыраған ғимаратта кезінде жылыту қазандығы болған. Кеңес үкіметі ыдыраған соң Тұңғышбай Жаманқұлов сатып алыпты. Өнер иесіне сан рет айыппұл төлетсе де, "жер телімін сатамын" деп өздерін сандалтып жүргенге ұқсайды.

"Тұңғышбай Жаманқұлов деген өнер азаматының жер телімі болып шықты. Осы уақытқа дейін ол кісіге бірнеше рет хабар бердік. Ескерттік. Өзіңіздің жер теліміңізді қоршап, бір шарасын қолдансаңыз деп өтініш жасадық. Қолымнан келгенше қоршайтын болсам, қоршайын, қоршамасам бір шарасын қолданайық деп жауабын берді", - Алатау ауданы "Алғабас", "Теректі" ықшамауданы бойынша өзін-өзі басқару комитетінің төрағасы Әбілақа Жапақ.

Жиырма жылдан бері елдің есін шығарған ғимаратты ел ағасы бір жақты етпесе, шенділер құзырлы органнан көмек сұраймыз дейді. Әзірге сенбі күні сенбілікке шықпақ жаппай ішін тазалауға. Ал, трансформаторды әкімдік о баста жекеге өткендіктен өз құзырына ала алмай, соттасып жатыр екен жеке меншік иесімен. Оны да қымбат болса да, жоқтан бар деп жұбатып шығарып салды.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мұқият тыңдайды екен": Мұхтар Тайжан Тоқаевпен кездесуі туралы

Қоғам белсендісі шешілмей жүрген мәселелерді көтергенін жеткізді

Араб шейхтарына неге cирек құстарды аулауға рұқсат берілген?

Шейхтар атып алған әр дуадаққа 700 мың теңгеге жуық ақы төлейді

Шизофрения, аутизм, эпилепсия: Алматыда психикалық дертке шалдыққандар жұмыс істейтін дәмхана бар

Психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз?

Нобель сыйлығының лауреаты қатерлі ісікті емдеуде ғылымның әлсіз екенін айтты

Ғалым мутациялар мен онкологиялық аурулардың негізгі себептері туралы пікірді теріске шығарды

Мамандар ағзаны жас қалпында ұстаудың қарапайым әдістерін атады

Италиялық диетологтар отандастарының ұзақ өмір сүруінің сырын ашты

Алматы облысында қытайлық жұмысшыларды ұрып тастады: Бас консул мәлімдеме жасады

Талдықорған маңында қазақстандықтар мен қытайлықтардың арасындағы төбелес болды

Сарапшылар: Доллар курсын қолдан өзгертіп отыр

Мамандардың айтуынша, алыпсатарлық жағдайлар бар

Қазақ қызы шахматтан әлем чемпионатында алтын алды

Назерке 16 жасқа дейінгі категорияда 70 шахматшының ішінен жүлделі орын алды

Алматы облысында қоғам белсендісіне оқ атқан әкім қамаудан босатылды

Экс-әкім 6 миллион теңгеден астам ақша кепілдікке салды

Енді Нұр-Сұлтанға көшу қиындамақ: Астанадағы халық саны бақылауда болады

Халықтың көбеюі алдымен медицина мен білім беру саласына ауыртпалық салады
Çàãðóçêà...