Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іріктеуден өтпей қалдым": Мөлдір Әуелбекова Алматыға алғаш келген кезін есіне түсірді

Мөлдір Әуелбекова Алматыға алғаш келген кезін есіне түсірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BEY бағдарламасына сілтеме жасап.

Мөлдір Әуелбекова ең алғаш өнердің табалдырығын аттамақ ниетте Алматыға келіп, бағын сынап көрген кездерін еске алды. Байқауға қатысып, бір рет құлап кетсе де, қаймықпай, қайта келіп, финалға шыққан ол бұл дәрежеге көп еңбектенудің арқасында жеттім деп ашығын айтты.

"Мен Алматыға алғаш рет Superstar жобасымен 2004 жылы іріктеуге келдім. Іріктеуден өтпей қалып, қайтадан үйге қайттым. Одан "Бақытты билет" деген болатын. Соны жеңіп алып, қайтадан келдім. Қызықтар көп болды. Жоба аяқталғаннан кейін, 12 финалист Қазақстанды аралап ән сапарға шықтық. Адам келе салып, танымал болмайды ғой. Оған көп еңбек керек", - дейді Мөлдір Әуелбекова.

Отбасындағылардың өнерге жақындығы болса да, үлкен сахнаны бағындырмағанын айтты әнші. Алайда, ата-анасының арманы қыздары арқылы орындалған көрінеді. Мөлдір Әуелбекова қандай жеттістікке жетсем де әке-шешемнің арқасында жеттім деп, жақындарын алғыс айтты.

"Әкемнің тамаша дауысы бар. Бірақ үлкен сахнада жүрген жоқ. Сол кісілердің арманы менімен тоғысты. Әкем қолымнан жетектеп, Алматы қаласындағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түсірді. Өнердегі барлық жетістікке ата-анамның арқасында жеттім", - дейді өнер иесі.  

Талқылау