Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интимдік видео таратқан: Павлодарда тыртық ізін тексерген судьяға қатысты сараптама қорытындысы шықты

Павлодар облысының полиция департаменті қылмыстық тергеу аясында порнографиялық видеода бейнеленген белгісіз адамды денесіндегі тыртықпен тексеру мақсатында медициналық тексеруді тағайындап өткізді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.


Павлодар облысы бойынша сот сараптамасы институтының сот-медициналық сарапшысының қорытындысына сәйкес, азамат М.А. Әкетайға сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде хирургиялық тыртықтар, жара орны, сондай-ақ хирургиялық араласудың басқа да іздері мойнынан төменге дейін, соның ішінде кеудесі мен арқасында жоқ екенін анықталды.

Еске салсақ, 2019 жылғы 2 қазанда Павлодар облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы WhatsApp мессенджері арқылы порнографиялық сипаттағы бейнелер жасаған және таратқан белгісіз тұлғаларды анықтау және қудалау туралы арызбен Павлодар облыстық полиция департаментіне жүгінді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне сәйкес тергеу жалғасуда.

Талқылау