AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интимдік суреттерін жариялаймын деп қорқытқан: Алматылық азамат танысынан 12 миллион теңге бопсалаған

Алматы полиция департаментінде мегаполистің 40 жастағы тұрғынына қатысты бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам бойжеткеннің интимдік сипаттағы суреттерін интернетке жариялаймын деп бопсалап, қыз бен оның анасынан 12 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әйел мен қызынан 12 миллион теңге бопсалаған 40 жастағы алматылық ұсталды.

23 жастағы жәбірленуші істі тыныштықпен шешуге тырысып, талап етілген соманың бір бөлігін бопсалаушыға беріп үлгергені анықталды. Алайда күдіктінің араны одан сайын ашылып, өзінің құрбанын жаңа қоңыраулармен қорқытқан. Тағы да ақша талап еткеннен кейін, қыз өтініш жазуға бел буады. 

Криминалдық полицейлердің айтуынша, “Шаңырақ” ықшам ауданының тұрғыны 40 жастағы Д.есімді ер адам ақша табудың осындай жолын қолданған. Бұрын азаматтың бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. 

“Полицияға 23 жастағы Н.есімді қыз жүгінді, ол анасының танысы әлеуметтік желіге интимдік сипаттағы суреттер мен бейнелерді орналастырамын деп қорқытып, бопсалау арқылы 12 миллион теңге талап етіп отырғанын айтты. Бұл факт ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді”, –дейді Алматы қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол бұл заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде танысынан сұралған соманың бір бөлігін алғандығын мойындаған. Тергеу жалғасып жатыр. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр