Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернетке сурет қоярда абайлаңыз: Адамдарды тыржалаңаш ететін қосымша пайда болды

Енді кез келген қалаған адамыңызды шешіндіре аласыз. DeepNude қосымшасы арқылы программист интернеттегі адамды тыржалаңаш ететін программа ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

фото

DeepNude қосымшасын қолдану үшін небәрі 50 доллар ғана қажет. Vice басылымы бұл қосымшаны ендігіде пайдаланып та көрген. Олар үстіне киім кигендер емес, жартылай жалаңаштанған қыздарды шешіндіру оңай екенін анықтаған. 

Қыздарды шешіндіретін қосымшаның кесірінен енді әйелдердің жыныс мүшелерін тамалашайтын еркектер көбеюі мүмкін. Сондай-ақ, мұны игеріп алғандар жалған тыржалаңаш суреттер жасай бастайтын болады. Өйткені оны жасауға жарты минут кетеді екен. 

интернет

DeepNude қосымшасын қрастырушы, көп кешікпей суреттегі еркектерді де шешіндіретін боламын дейді. Оның мұндай қосымшаны ойлап табуына, бала кезінде журналға шыққан рентген көзілдірігінің жарнамасы себеп болған екен.

«Дұрыс жасадым ба, жоқ па білмеймін. Бірақ тыржалаңаш адамды фотошоп арқылы да жасауға болады. Ал мына қосымша арқылы ол жұмысты 30 секундта жасайсыз. Егер бұған қатысты жаман ойласаңыз, менің оған еш қатысым жоқ», – дейді DeepNude құрастырушысы. 
 

Талқылау